Шаңғы қоссайысы

Шаңғы қоссайысы бөлімі

Шаңғы қоссайысы бөлімінде 1 жаттықтырушы жұмыс істейді:

  1. Юрий Анатольевич  Рулев 

Шаңғы қосайысы (ағылшын тілінде  Nordic Combined) — жарыс бағдарламасына шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғымен жарысу үйлесетін, спорттың олимпиадалық түрі. Басқадай атауы — солтүстік комбинация.

Тәртібі

Шаңғы қосайысының 2 тәртібі бар: шаңғымен тұғырдан секіру және              15 шақырым қашықтыққа шаңғымен жарысу. Олимпиадалық бағдарламаға ерлер үшін жарыстың үш түрі кіреді: жеке жарыс, спринт және командалық жарыс. Барлығы ойнатылатын 3 жинақтағы жүлде.

Жеке жарыстар

Гундерсен жарысы ретінде танымал жеке жарыстар екі сатыдан өтеді. Бірінші – әр қатысушы 90-метрлік тұғырдан екі рет секіреді, Екінші –15 шақырым қашықтықта жарысу. Шаңғымен тұғырдан секіру кезінде  ұпай санына өте қашыққа секіру және орындалу техникасы есептелінеді. Спортшылар біршама артық ұпай санымен жарысты бірінші болып бастайды, қалғандары тұғырдан секіру бойынша жарыстарда иеленген орындарына сәйкес қашықтықта шығады. Мәре сызығына бірінші болып жеткен жарыс жеңімпазы болады. Осындай жарыс әдісі 1980 жылы Гундерсен әдісі атауына ие болды.

Спринт

Спринте спортшылар 120-метрлік тұғырдан секіреді, бірақ бір рет секіреді. Жарыста  7,5 шақырым қашықтыққа жүгіреді.

Командалық жарыстар

Командалық жарыстарға 4 адамнан тұратын командалар қатысады. Жарыстың бірінші бөлімінде әрбір спортшы 90-метрлік тұғырдан екі рет секіреді. Секіру бойынша жиналған барлық спортшылардың балдары жинақталады. Секіруден 60 ұпай жинаған командаға басқалардан бұрын жарыста 1 минут ерте бастауға басымдық береді. Шаңғымен жарысу эстафета 4×5 ш. үлгісінде өтеді. Қай команданың споршысы мәре сызығын бірінші аттаған болса сол қоссайыстың жеңіскері болып есептеледі.